русский язык
Футбол

«Петрокуб» - «Ордабасы» матчында ең нашар баға алған футболшы анықталды

«Петрокуб» - «Ордабасы» матчында ең нашар баға алған футболшы анықталды

Flashscore.com сайты Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі «Петрокуб» - «Ордабасы» матчының ойыншыларына ұпай берді, деп жазады Prosports.kz.

Ойын кеше түнде Кишиневте өтіп, алаң иелерінің минималды жеңісімен аяқталды - 1:0. Осылайша, «Петрокуб» Чемпиондар лигасының екінші кезеңіне өтті, ал «Ордабасы» Конференция лигасында жолын жалғастырады. Еске сала кетейік, командалардың Шымкентте өткен алғашқы кездесуі голсыз тең аяқталған болатын.

Кездесу қорытындысы бойынша үздік рейтингті қақпашы Сергей Игнатович алса (6,9 ұпай), ал ең нашар ойыншы (5,7) болып Сергей Малый танылды. Flashscore матчтың үздік ойыншысы ретінде молдавиялық клубтың шабуылшысы Михаил Платичаны атады - ол 7,3 ұпай алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;