русский язык
Футбол

«Ордабасы» Чемпиондар лигасында масқара нәтиже көрсетті

«Ордабасы» Чемпиондар лигасында масқара нәтиже көрсетті

Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде Қазақстан чемпионы «Ордабасы» турнирден шығып қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Петрокуб» командасымен өткен Шымкенттегі алғашқы ойын 0:0 есебімен аяқталған еді.

Молдова жерінде өткен қарымта матчта жергілікті команда 1:0 есебімен ұтты. 34-минутта Теодор Лунгу ойындағы жалғыз голды соқты.

Осылайша, ел чемпиондары қаражаты әлдеқайда аз, ойыншылардың трансферлік құны да аз, оның үстіне біріншілігі әлі басталмаған командаға екі матчта бір гол да соға алмай, турнирден шығып қалды.

Енді «Ордабасы» Чемпиондар лигасындағы жорығын Конференция лигасында жалғастырады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;