русский язык
Әлем футболы

Мбаппе «Реал Мадридтің» АҚШ-тағы маусым алдындағы турына бармайтын болды

Мбаппе «Реал Мадридтің» АҚШ-тағы маусым алдындағы турына бармайтын болды

«Реал Мадрид» шабуылшысы Килиан Мбаппе клубтың АҚШ-тағы турына бармайтын болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nytimes.com сайтына сілтеме жасап.

Мадридтік команда АҚШ-қа 28 шілдеде барып, «Милан», «Барселона» және «Челсимен» жолдастық кездесу өткізеді.

Француз футболшысы жаңа командасымен маусым алдындағы дайындықты 7 тамызда Вальдебебастағы базада бастайды. Бас бапкер Карло Анчелотти Мбаппеге демалыс беруді шешті шешті, футболшы бұл шешіммен келісті.

«Реалдың» шабуылшыны УЕФА Суперкубогындағы 14 тамызда «Аталантаға» қарсы өтетін ойында алаңға шығаруды жоспарлап отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;