русский язык

Станислав Черчесов Магомед Адиевпен кездесті

Станислав Черчесов Магомед Адиевпен кездесті

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов пен ұлттық құраманың бұрынғы бапкері Магомед Адиевпен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәскеуде футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Магомед Адиевпен кездесіп, ұлттық құрамаға қатысты маңызды тақырыптарды қозғады.

Кездесуде әр түрлі тақырыпта әңгіме өрбіді. Оның ішінде өткен Еуропа-2024 іріктеу кезеңіне шақырылған футболшылардың ойынын талдап, құрамадағы болашағы жайлы кеңесті.

Станислав Черчесов команда құрамын жасақтауда әрбір ойыншы жайлы жан-жақты ақпарат жинаудың маңызын атап өтті.

Магомед Адиев болса, Қазақстан құрамасы жаңа бапкерлік құраммен халықаралық аренада ел намысын лайықты қорғайтынына сенім білдіріп, жаңа іріктеу кезеңіне сәттілік тіледі.

Өз кезегінде, Станислав Черчесов Ресей чемпионатының жаңа маусымында Магомед Мұсаұлының жұмысына да сәттілік тіледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;