Анна Данилина Будапешт додасының жартылай финалына өтті
![Анна Данилина Будапешт додасының жартылай финалына өтті](https://prosports.kz/upload/news/content//202407/472_bb4475a65abe28100da87f59c219a83f.jpg?v=28687573)
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 50-ракеткасы Анна Данилина Будапешт (Мажарстан) WTA 250 турнирінің жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Жарыстың 2-ракеткалары болып тіркелген А.Данилина мен ресейлік Ирина Хромачева ширек финалда германиялық Лена Пападакис – америкалық Джесси Энеймен шеберлік байқасты.
Бірінші партияда қазақстандық-ресейлік жұп 6:2 есебімен басымдылық танытты. Олар екінші сетте де сол қарқынынан танған жоқ – 6:4. Бір сағат 15 минутқа созылған бәсеке барысында екеуі эйс жасамағанымен, 10 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Германиялық-америкалық дуэт 2 эйс, 1 брейкпен (3 брейк-пойнт) шектелді.
А.Данилина – И.Хромачеваның жартылай финалдағы қарсыластары кейін белгілі болады.