русский язык
Басқа

Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасына аттанды

Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасына аттанды

Қазақстан ұлттық құрамасын Парижде өтетін жазғы Олимпиа ойындарына ресми түрде шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Туризм және спорт министрлігінің Telegram желісіндегі ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Салтанатты шара Алматы облысындағы республикалық олимпиадалық даярлық базасында өтті. Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев спортшылар және жаттықтырушылар құрамымен әңгімелесіп, алдағы жарыстарға сәттілік тіледі.

«Сіздердің алдыңызда елімізді Париж Олимпиадасында таныстыру, ел намысын абыроймен қорғау сияқты маңызды әрі өте жауапты міндет тұр. Сіздердің чемпиондық мінезіңіз, табандылығыңыз, жеңіске деген ерік-жігеріңіз, осы күнге дейін жиған тәжірибелеріңіз, жаттықтырушылардың, дәрігерлердің, массаж жасаушылардың қажырлы еңбегінің арқасында үлкен нәтижеге жететінімізге сенімдімін.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан жазғы және қысқы Олимпия ойындарының 79 жүлдегерін, оның ішінде 15 Олимпиада чемпионын тәрбиелеп шығарды. Олимпиададағы жетістіктер – бүкіл елдің әлемдегі имиджі, мемлекеттің әл-ауқатының көрсеткіші, ең бастысы, бұл – сіздердің көпжылдық және қажырлы еңбектеріңіздің нәтижесі!», - деді Ермек Маржықпаев.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Жарысқа 205 елден 10 мыңнан астам спортшы қатысады. Олар 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығын сарапқа салады.

Төрт жылдықтың басты додасында Қазақстан құрамасы сапынан 80 спортшы ел намысын қорғайды. Олар спорттың 25 түрінен бақ сынайды. Қазақстан Тәуелсіздік жылдарынан бері осымен сегізінші мәрте жазғы Олимпиадаға қатыспақ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;