русский язык
Теннис

Әмір Омарханов жасөспірімдер арасында әлемде 15-орынға көтерілді

Әмір Омарханов жасөспірімдер арасында әлемде 15-орынға көтерілді

18 жасқа дейінгілер арасында ITF әлемдік рейтингіні жария етті. Қазақстанның жас жұлдызы, 16 жастағы Әмір Омарханов 16-дан 15-орынға көтерілді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Осылайша, Әмір өзінің үздік көрсеткішіне (2024 жылғы ақпан, №12) жақындап келеді.

Қазіргі кезде Астанада Президент кубогі үшін ересектер арасында челленджер турнирінде өнер көрсетіп жатқан Ә.Омарханов алдағы аптада 4 ұпаймен алғаш рет ATP рейтингісіне де кіреді.

Жасөспірімдер арасында ТОП-50-ге сондай-ақ Соня Жиенбаева (№21) мен Асылжан Арыстанбекова (№38) енді. Даниал Рахматуллаев – 58, Заңғар Нұрланұлы – 163, Айя Нұпбай – 120, Полина Слепцова 229-сатыда тұр.

Азия теннис федерациясының (ATF) жаңартылған рейтингісінде 16 жасқа дейінгілер арасында Заңғар Нұрланұлы бұрынғыша 1-орында.

14 жасқа дейінгілер арасында Tennis Europe ТОП-100-де Қазақстанның төрт теннисшісі бар: Роберт Каминский 61-де, Ахмади Маханов 63-те қалса, Родион Трайгель 69-сатыға жоғарылады.

Қыздар арасында Линара Бөлешева 84-орында келеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшілердің ATP 250 турнирінің екінші айналымына шыққанын жазған болатынбыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;