русский язык
Единоборства

Қазақстан Париж Олимпиадасына 10 күн қалғанда тағы бір лицензия жеңіп алды

Қазақстан Париж Олимпиадасына 10 күн қалғанда тағы бір лицензия жеңіп алды

Қазақстандық дзюдошы Эсмигүл Куюлова Париж Олимпиадасында жекелей сында белдеседі. Бұл туралы федерацияның бас хатшысы Айбек Имашев мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Эсмигул Куюлованың жекелей сында өнер көрсететіні расталды. Бұған дейін ол аралас командалық сайыста белдесуге квота алған болатын.

Енді оған тағы ұпайлар қосылып, Халықаралық дзюдо федерациясы Куюлованың 63 келіде жекелей сында күресетінін растады», - дейді Имашев ҚР ҰОК сайтына берген ресми сұхбатында.

Еске сала кетейік, Эсмигүл Куюлова дзюдодан Азия ойындарының (2023) және Азия чемпионатының (2024) қола жүлдегері.

Париж Олимпиадасында жалпы есебі сегіз дзюдошы бақ сынайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;