русский язык
Бокс

Қазақстандық нокаутшы келесі жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады

Қазақстандық нокаутшы келесі жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Асхат Жантұрсынов (7-1, 6 КО) Instagram парақшасында келесі жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Жекпе-жегім күнімен байланысты шамалы өзгерістер болды. Жекпе-жек төртінші тамызда Ыстамбұлда өтеді. Ауыр салмақта WBS халықаралық белбеуі үшін өтеді», — деп жазды Жантұрсынов әлеуметтік желідегі парақшасында.

1 ақпанда Бакуде (Әзірбайжан) қазақстандық боксшы жекпе-жектің бірінші раундында грузин спортшысы Мугавила Мұсаевты (3-1, 2 КО) нокаутқа түсірді. Бұл жеңіс Жантұрсынов үшін кәсіпқой рингтегі жетінші жеңісі болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;