русский язык
Әлем футболы

«Алтын допқа» негізгі үміткер белгілі болды

«Алтын допқа» негізгі үміткер белгілі болды

Испания құрамасының мен «Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Родри Goal нұсқасы бойынша «Алтын допқа» үміткерлер тізімінде бірінші орынға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Портал Америка кубогы мен Еуропа чемпионаты аяқталғаннан кейін рейтингті жаңартты.

Үздік бестікке испаниялық футболшыдан бөлек «Реал Мадрид» ойыншылары Винисиус, Джуд Беллингем және Дани Карвахаль, сондай-ақ «Интер» шабуылшысы Лаутаро Мартинес енді.

Еуропа чемпионатының жартылай финалында Франция құрамасымен жарыс жолынан шығып қалған Килиан Мбаппе жетінші, Еуро-2024 турнирінің үздік жас футболшысы атанған Ламин Ямаль 12-ші, Лионель Месси 16-орынға табан тіреді.

Испания құрамасымен Родри, Карвахаль және Ямаль Еуропа чемпионы атанды. Финалда олар Англия құрамасын 2:1 есебімен жеңді. Сондай-ақ, Ямаль төрт нәтижелі пас беріп, үздік ассистент атанды.

Мартинес пен Месси қосымша уақытта Колумбияны жеңіп, Америка кубогын жеңіп алды – 1:0. Жеңіс голын 112-минутта Лаутаро соқты, Месси 66-минутта жарақатына байланысты алаңнан кетті.

2023 жылы «Алтын допты» Месси жеңіп алды. Бұл оның карьерасындағы сегізінші трофейі болды.

«Алтын допқа» үміткер топ-10 рейтингі:

1. Родри
2. Винисиус Джуниор
3. Джуд Беллингем
4. Дани Карвахаль
5. Лаутаро Мартинес
6. Тони Кроос
7. Килиан Мбаппе
8. Xарри Кейн
9. Фил Фоден
10. Нико Уильямс

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;