русский язык
Басқа

Эльжана Таниева Румыниядағы турнирде үздік ондыққа енді

Румынияда өткен көркем гимнастикадан шақырту кубогінде қазақстандық Эльжана Таниева өнер көрсетті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Таниева көпсайыс қорытындысы бойынша 9-орынға табан тіреді. Ал шығыршықпен жаттығуда финалға шығып, 33.4 ұпаймен алтыншы орынға табан тіреді.

Айта кетелік, Румыниядағы бәсекеге Париж ойындарына жолдама алған барлық гимнаст қатысты.

Ал бұл турнир Олимпиада қарсаңындағы ең соңғы жарыс саналады.

Еске салайық, Эльжана Таниева Ташкентте өткен Азия чемпионатында Олимпиада жолдамасын иеленген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;