русский язык
ММА

Шавкат Рахмонов бапкеріне қымбат көлік сыйлады

Шавкат Рахмонов бапкеріне қымбат көлік сыйлады

Жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (18-0) жаттықтырушысы Баян Жанғаловқа көлік сыйға тартты.

Шавкат аталған көлікті тізгіндеп барып, кілтін бірден тренеріне табыстаған.

Былғары қолғап шебері Шавкат Рахмонов тренері Баян Жанғаловтың жетекшілігінде ММА бойынша әлем чемпионы атанса, M-1 Global лигасында чемпион титулын жеңіп алғанын сондай-ақ UFC алаңына шыға бастағанын еске саламыз.

Дивизионның жаңартылған тізімінде «Номад» лақап атымен танымал қазақстандық спортшы үшінші орында тұр. Оның алдында Белал Мұхаммад (2-орын), Камару Усман (1-орын) және чемпион Леон Эдвардс орналасқан. Колби Ковингтон бесінші орынға сырғыды.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;