русский язык
Әлем футболы

Аргентина құрамасы 16-рет Америка кубогын жеңіп алды

Аргентина құрамасы 16-рет Америка кубогын жеңіп алды

Футболдан Аргентина құрамасы Америка кубогының финалында Колумбияны жеңді.

АҚШ-тың Майами-Гарденс қаласында өткен финалдық кездесу 1:0 есебімен аяқталды. Жалғыз голды Аргентина құрамасы сапынан 112-минутта Лаутаро Мартинес салды.

Айта кетерлігі, әйгілі аргентиналық футболшы Лионель Месси де бұл матчта ойнады. Бірақ ол 64-минутта жарақат алып, алаңнан кетуге мәжбүр болды. Аргентина командасы осымен 16-рет Америка кубогын жеңіп алып, рекордтық көрсеткішке жетті. Бұл кубокты ең көп ұтып алған құрамалар тізімінде екінші орында Уругвай тұр (15 кубок).

Еске салайық, футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының да жеңімпазы анықталды. Испания құрамасы финалда Англиядан басым түсіп, Еуропаның төрт дүркін чемпионы атанды.

Түпнұсқасы: nur.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;