русский язык
ММА

Дәурен Ермеков «Наше Дело» промоушенінде өнер көрсетуі мүмкін

Белгілі қазақстандық орта салмақтағы жауынгер Даурен Ермеков (15-4) ресейлік «Наше Дело» лигасының спорт менеджері Армен Гулянмен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Даурен – ең жоғары дәрежедегі кәсіпқой. Біз сіздер үшін үлкен жаңалық дайындап жатырмыз», - деп мәлімдеді лига.

Айта кетейік, Даурен Ермеков Eagle FC, Naiza және Ural FC чемпиондық белбеулерінің иегері.

13 шілдеде Даурен Ермеков Мәскеуде MMA-Series турнирінде ресейлік Шамиль Магомедовпен жекпе-жек өткізуі керек еді. Турнирге бір күн қалғанда қазақстандық салмақ тастай алмай, жекпе-жек тоқтатылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;