Америка кубогының финалы: Аргентина – Колумбия матчының тікелей трансляциясы
15 шілде күні таңғы сағат 05:00-де Майами қаласында (АҚШ) 2024 жылғы Америка кубогының ақтық матчы өтеді, деп жазады Prosports.kz.
Финалда Аргентина мен Колумбия құрамалары кездеседі.
Жартылай финалда Аргентина Канаданы (2:0), Колумбия Уругвайды (1:0) жеңді.
Матчты тікелей эфирде мына сілтеме арқылы көруге болады.
Айта кетейік, қос команда бұған дейін 2022 жылы ақпанда кездескен, ол кезде Аргентина құрамасы 1:0 есебімен жеңіске жетті. Ал Колумбия Аргентинаны кейінгі рет 2019 жылы маусымда 2:0 есебімен жеңген.