Денис Евсеев Швециядағы жарыста 17 жасар теннисшіні ұтты
![Денис Евсеев Швециядағы жарыста 17 жасар теннисшіні ұтты](https://prosports.kz/upload/news/content//202407/201131_e44636e4256866db422388bfeb3cd849.webp?v=28685910)
Қазақстандық, әлемнің 164-ракеткасы Денис Евсеев Бастад (Швеция) ATP 250 турнирі іріктеу сайыстарының финалына шықты.
Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін швециялық, 17 жасар Людвиг Фредрик Хедемен өткізді.
Бірінші партияда корт иесі 6:2 есебімен басым түскенімен, Евсеев камбэк жасай білді — 6:1, 6:1.
Бір сағат 23 минутқа созылған бәсеке барысында Евсеев 1 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды.
Қарсыласы 6 брейк-пойнттың үшеуін өз есебіне жазды.
Денис Евсеев іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 142-ракеткасы, Аргентина өкілі Роман Андрес Бурручага немесе рейтингіде 235-сатыдағы франциялық Мануел Гинардың біреуімен шеберлік таластырады.
Тағы бір қазақстандық, рейтингіде 222-орында тұрған Дмитрий Попко әлемнің 136-ракеткасы, хорватиялық Дуже Айдуковичтен өте алмады — 2:6, 4:6.