русский язык
Теннис

Тимофей Скатов Швециядағы турнирде қарсыласын ойсырата ұтты

Тимофей Скатов Швециядағы турнирде қарсыласын ойсырата ұтты

Қазақстандық, әлемнің 230-ракеткасы Тимофей Скатов Бастад (Швеция) ATP 250 турнирінің іріктеу сайысын жеңіспен бастады.

Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарында 1-ракетка болып тіркелген, дүниежүзілік рейтингіде 135-орында тұрған италиялық Маттео Гигантені ойсырата ұтты – 6:1, 6:0.

Бір сағатқа жетпейтін уақыт ішінде Скатов 3 эйспен бірге 13 брейк-пойнттың алтауын мүлт жібермеді. Гиганте 2 эйс, 1 брейктен (2 брейк-пойнт) аса алмады.

Тимофей Скатов іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 158-ракеткасы, тағы бір италиялық Андреа Пеллегриномен ойнайды. Оны жеңсе, негізгі жарысқа жолдама алады.

Бастад додасының іріктеу сайысында Денис Евсеев пен Дмитрий Попко да бақ сынауда.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;