русский язык
Теннис

Елена Рыбакина WTA чемпиондық жарысында екінші орынға көтерілді

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина маусымдағы теннисшілердің ТОП-рейтингінде екінші орында тұр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жыл басынан бері қазақстандық 4 901 ұпай жинаған. Рыбакинадан кейін 4 505 ұпай жинаған Уимблдон 2024 финалисі, италиялық Жасмин Паолини тұр. Әлемнің бірінші ракеткасы, поляк Ига Швентек 7 465 ұпаймен көш басында.

WTA Championship Race – маусымның тек 8 үздік теннисшісі бақ сынайтын жылдың қорытынды турнирі. Биылдан бастап 2026 жылға дейін турнир Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтеді. 2024 жылы байқау 2-9 қараша аралығында өтеді. Жүлде қоры - 15,25 миллион доллар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;