русский язык
Бокс

Баходир Жалоловты тек Қоңқабаев тоқтата алады - Өзбекстандық БАҚ

Баходир Жалоловты тек Қоңқабаев тоқтата алады - Өзбекстандық БАҚ

Өзбекстанның ақпарат құралдары Париж Олимпиадасында бокстан аса ауыр салмақтағы Баходир Жалоловтың басты қарсыласын атады.

Жалолов бұған дейін Токио Олимпиадасында топ жарған. Әлем бірінішілігінде екі рет және Азия ойындарында жеңіске жеткен. Дегенмен Париждегі Олимпиада оңай болмайды деп санайды.

«Сарапшылар Жалоловтың басты қарсыласы ретінде қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаевты айтып отыр. Ол Токио Олимпиадасының қола жүлдегері. Екі спортшының теке-тіресінің басталғанына біраз болды. Бұрынғы жылдары қазақ боксшысы қолайсыз қарсылас болатын. Дегенмен 2019 жылдан бері Жалоловтың сериялық жеңісі басталды. Қазіргі кезде статистика бойынша 7:3 есебімен Баходир алда тұр»,- деп жазды Olamsport басылымы.

Соңғы рет Жалолов Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азия ойындарының финалында жеңген.

Түпнұсқасы: 1bol.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
0
Пікірлер
;