русский язык
Бокс

Мемлекеттік туды Президентіміз сеніп тапсырды, енді үмітті ақтау біздің міндет – Асланбек Шымбергенов

сыдан бірер күн бұрын Президент ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарына қатысатын Қазақстан құрама командасының мүшелерімен кездесіп, Париж Олимпиадасының ресми ашылу салтанатында көк байрағымызды көтеріп шығатын боксшы Асланбек Шымбергенов пен жеңіл атлет Ольга Сафроноваға көк байрағымызды табыстаған еді.

Бүгін боксшы Асланбек Шымбергенов kaz.inform.kz тілшісіне эксклюзив сұхбат беріп, Мемлекет басшысынан туды қабылдап алған сәтіндегі әсерімен бөлісті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз қолымен көкбайрағымызды табыстағанда қатты толқып тұрдым. Бұл – мен үшін тарихи сәт! Мемлекет басшысы осылай бізге сенім артты. Енді ол сенімді ақтау бізге үлкен жауапкершілік жұктейді. Сол үшін біз Олимпиада ойындарында бар күшімізді салуымыз керек», - деп бастады әңгімесін боксшы Асланбек Шымбергенов.

Сонымен қатар боксшы өзінің Олимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімінде мемлекеттік Туымызды көтеріп шығатынын кімнен, қалай естігенін айтып берді.

«Маған Париж төрінде еліміздің көкбайрағын көтеріп шығатынымды ең бірінші болып, бокс федерациясының президенті телефон арқылы айтты. Естігенде, әрине қуандым. Бұл үлкен обыройлы міндет екенін түсіндім. Енді, басты мақсат – Олимпиада ойындарында жақсы өнер көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінуіміз керек. Қазір бапкерлерімізбен бірге Олимпиадаға соңғы оқу-жаттығу жиындарында жүрміз. Дайындығым өте жақсы», - деді боксшы.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;