русский язык
Бокс

Қазақстандық боксшы қыздар олимпиадаға дайындықты пысықтап жатыр

Қазақстандық боксшы қыздар олимпиадаға дайындықты пысықтап жатыр

Қазақстандық боксшы қыздар олимпиада ойындарына дайындықты пысықтау үшін соңғы оқу-жаттығу жиынын бастап кетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстан бокс федерациясынан мәлім еткеніндей, Алматы облысында өтіп жатқан жиында бапкерлер тактикалық және психологиялық бағытқа басымдылық беруде.

Барлығы 28 боксшы шеберлігін ұштап жатса, оның ішінде үш спортшы олимпиадаға қатысады: Назым Қызайбай, Карина Ибрагимова және Валентина Хальзова.

Тағы бір айта кетерлік жайт, Парижге әр салмақта жәрдемдесетін спортшылар да аттанады.

Спарринг серіктестер:

50 келі. Гүлнар Тұрапбай,
57 келі. Жайна Шекербекова,
75 келі. Жасмин Қизатова.

Әйелдер командасы Францияға 21 шілде күні жолға шығады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;