русский язык
Бокс

«Қазақ футболының жанкүйерімін»: боксшы Абылайхан Жүсіпов ұлттық құраманы қолдайтынын айтты

«Қазақ футболының жанкүйерімін»: боксшы Абылайхан Жүсіпов ұлттық құраманы қолдайтынын айтты

Бокстан әлем чемпионатының үш дүркін қола жүлдегері, кәсіпқой боксшы (4-0) Абылайхан Жүсіпов осы аптада әуесқой боксқа оралатынын мәлімдемеді. Сонымен қатар қазақ футболының жанкүйері екенін де айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазір Шымкентте өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынында шеберлігін шыңдап, тәжірибесін толықтырып жүрген Абылайхан Жүсіповке Nur.kz тілшісі көкейдегі сауалдарды қойып, аз-кем тілдесті. Атап айтқанда отандық футбол туралы да ойын айтты.

– Отандық футболды тамашалап тұрасыз ба? Қазақстан ұлттық құрамасының матчтарын қаншалықты жиі тамашалап тұрасыз?

– Негізі футболды жиі тамашалап тұрамын деп айта алмаймын. Бірақ ұлттық құраманың ойынын жібермей көремін. «Шахтер» мен «Ордабасы» футбол клубтарының ойындарын стадионнан тамашалағаным да есімде. Жалпы айтқанда, қазақ футболының жанкүйерімін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;