русский язык
ММА

Мария Агапованың UFC-дегі жекпе-жегінің тікелей трансляциясы

Мария Агапованың UFC-дегі жекпе-жегінің тікелей трансляциясы

Қазақстандық UFC файтері Мария Агапова Денверде (АҚШ) UFC on ESPN 59 турнирінде бразилиялық Луана Сантоспен кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Агапова мен Сантос арасындағы жекпе-жек турнирдің алдын ала кезеңі аясында өтеді. Спортшылар салмақ өлшеу рәсімін сәтті орындады.

Айта кетейік, қазақстандық файтер кейінгі рет 2022 жылы октагонға шығып, канадалық спортшы Джиллиан Робертсоннан (14-8)жеңіліп қалған болатын. Оның ММА-да 10 жеңіс және төрт жеңілісі бар (UFC-де 2-3).

Жекпе-жектің тікелей трансляциясы Астана уақытымен 04:30-да басталады. Оны UFC ресми сайтынан көруге болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;