русский язык

Қазақстандық жас ойыншы мансабын Ресей біріншілігінде жалғастырады

Қазақстандық жас ойыншы  мансабын Ресей біріншілігінде жалғастырады

«Астана» 25 жасар қазақстандық қорғаушы Талғат Құсяповтың ресейлік «КАМАЗ» клубына ауысқанын жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Астана» клубы қорғаушы Талғат Құсяповтың командадан кететінін хабарлайды. Талғат – «Астананың» жастар командасының алғашқы түлектерінің бірі. Ол өзінің мансабын ресейлік «КАМАЗ» клубында жалғастырады. Біз Талғатты елордалық клуб құрамында қол жеткізген жетістіктері үшін жоғары бағалаймыз және болашақта тек қана жақсылық тілейміз», – деп жазады команданың баспасөз қызметі.

Осы маусымында Құсяпов алаңға екі рет қана шықты. Нәтижелі әрекеттермен көзге түспеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;