русский язык
Теннис

Алматыда үстел теннисінен WTT Youth Contender Almaty турнирі өтеді

Алматыда үстел теннисінен WTT Youth Contender Almaty турнирі өтеді

Алматыда тарихта екінші рет WTT Youth Contender Almaty беделді халықаралық турнирі өтеді.

Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, биыл үлкен старт 27-30 шілде аралығында өтеді. Сонымен қатар 5 жас санаты бойынша жүлдегерлерге медаль үлестіріледі.

Аталған турнирде 17 елден келген 230 спортшы бақ сынайды. Бельгия, Гонконг, Үндістан, Иран, Қатар, Қытайлық Тайпей, Қырғыз Республикасы, Моңғолия, БАӘ, Сауд Арабиясы, Словакия, АҚШ, Түркіменстан, Түркия, Өзбекстан, Жапония және Қазақстан өкілдері WTT Youth Contender Almaty жарысына қатысатындарын растады.

Жарыс соңында жүлделер жинаған ұпайы арқылы әлемдік рейтингідегі орнын жақсарта алады.

Халықаралық үстел теннисі федерациясы (ITTF) және Дүниежүзілік үстел теннисінің (WTT) қолдауымен өтетін турнирге 11 мен 19 жас аралығындағы спортшы ұлдар мен қыздар қатысады.

Айта кетейік, спорттық бәсеке Алматы ADD үстел теннисі орталығында өтеді.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;