русский язык
Әлем футболы

Еуро-2024: Англия құрамасының ойыншысы тарихи рекорд орнатты

Еуро-2024: Англия құрамасының ойыншысы тарихи рекорд орнатты

Англия футбол құрамасының капитаны Харри Кейн 2024 жылғы Еуропа чемпионатында тарихи рекорд орнатты.

Харри Кейн Еуро-2024 турнирінің жартылай финалындағы Англия – Нидерланд матчында мергендік танытты. Ол ойынның 18-минутында пенальтиден гол соқты.

Opta агенттігінің жазуынша, бұл Кейннің Еуропа чемпионатының барлық плей-офф кезеңіндегі алтыншы голы. Ол турнирдің плей-офф кезеңінде ең көп гол салған футболшы атанды.

Осыған дейін бұл рекорд Франция құрамасының ойыншысы Антуанн Гризманнға тиесілі еді. Оның қоржынында 5 гол бар.

Түпнұсқасы: nur.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;