русский язык
Бокс

Жәнібек Әлімханұлы алдағы жекпе-жегінде қанша пайда табады

Жәнібек Әлімханұлы алдағы жекпе-жегінде қанша пайда табады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы 14 шілдеде өтетін жекпе-жегінде қанша пайда табатыны белгілі болды.

Жәнібек Әлімханұлы Жаңа Зеландияның атынан шығатын Андрей Михайловичпен жұдырықтасып, WBO және IBF чемпиондық белбеулерін қорғайды. Бұл кездесу 14 шілдеде Лас-Вегастағы (АҚШ) Palm Casino Resort аренасында өтеді.

Sportysalaries cайтының мәліметінше, Әлімханұлы жекпе-жегі үшін 350 мың доллар (167 миллион теңге) алады. Ал оның қарсыласы 200 мың долларға (95 миллион теңге) ие болады. Бұдан бөлек қос боксшыға бонустар мен демеушілер тарапынан сыйақы берілуі мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;