русский язык
Бокс

Бокстан әлем чемпионы Наоя Иноуэнің келесі қарсыласы белгілі болды

Бокстан әлем чемпионы Наоя Иноуэнің келесі қарсыласы белгілі болды

Төрт салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы жапониялық Наоя Иноуэ (27-0, 24 КО) келесі жекпе-жегін бұрынғы IBA чемпионы аустралиялық Ти Джей Доэниге қарсы өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы ESPN журналисі Майк Копингер әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Оның мәліметінше, Иноуэ мен Доэни қыркүйек айында Токиода жекпе-жек өткізеді. Жапониялық спортшы екінші жеңіл салмақта чемпиондық атағын қорғайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;