русский язык
Басқа

Күрес түрлерінен ұлттық құрама олимпиада алдындағы соңғы жаттығу жиынын өткізеді

Күрес түрлерінен ұлттық құрама олимпиада алдындағы соңғы жаттығу жиынын өткізеді

Грек-рим, еркін және әйелдер күресі Федерациясы балуандардың Олимпиада қарсаңындағы соңғы жаттығу жиыны қайда өтетінін жариялады.

Отандық балуандар Париж Олимпиадасының алдындағы соңғы дайындық кезеңін Алматы облысында өткізеді. Бұл Париж ойындарына дайындықтың үшінші кезеңі саналады.

Жаттығу жиыны 21 шілде мен 2 тамыз аралығында ұйымдастырылады.

Оқу-жаттығу жиынына Олимпиадаға қатысатын балуандар мен олардың спарринг серіктестері қатысады.

Айта кетейік, жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан атынан жалпы есебі 8 балуан сынға түседі. Олардың төртеуі еркін күрестен бақ сынаса, төртеуі - грек-рим күресінен қатысады.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;