«Ружомберок» — «Тобыл» матчының тікелей трансляциясы
![«Ружомберок» — «Тобыл» матчының тікелей трансляциясы](https://prosports.kz/upload/news/content//202407/201736_9f65b27153cc7afc70ade881dc6278d7.webp?v=1720680156491?v=28686393)
Бүгін, 11 шілде күні Ружомберокта (Словакия) Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойыны қостанайлық «Тобыл» мен жергілікті «Ружомберок» арасында өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Ружомберок» - «Тобыл» матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 22:00-де басталады. Оны SPORT+ телеарнасынан көруге болады.
«Тобыл» Еуропа лигасында Қазақстан кубогының жеңімпазы ретінде өнер көрсетеді.
Қазіргі уақытта «Тобыл» Қазақстан чемпионатының турнирлік кестесінде 4-орында тұр. ҚПЛ-ның 12-турында қостанайлық клуб «Ақтөбені» жеңді (4:3).