русский язык

«Қызылжар» командасы «Ахматтың» бұрынғы ойыншысымен келісімшартқа отырды

«Қызылжар» командасы «Ахматтың» бұрынғы ойыншысымен келісімшартқа отырды

«Қызылжар» Кот-д'Ивуардың шабуылшысы Сенин Себаимен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сенин жанкүйерлерге жақсы таныс – ол Қазақстанда «Тобыл» сапында ойнаған.

Форвардтың «Балтика», «Химки», «Ахмат» сынды командаларда ойнау тәжірибесі де бар. «Тамбов» құрамында ол Ресей бірінші лигасының чемпионы атанып, командамен РПЛ-ға кірді.

Сениннің кейінгі клубы Сауд Арабиясының бірінші лигасындағы «Аль-Джандал» болды.

Туған күні: 18 желтоқсан 1993 жыл
Бойы: 182 см
Салмағы: 73 келі
Позиция: Шабуылдаушы
Азаматтығы: Кот-д'Ивуар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;