русский язык
Бокс

Қазақстандық боксшы бұрынғы әлем чемпионымен жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық боксшы бұрынғы әлем чемпионымен жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Илья Очкин (9-3, 4 КО) шаршы алаңға шығатын күн белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

BoxRec.com сайтының хабарлауынша, ол 27 шілдеде Мәскеуде (Ресей) өтетін бокс кешіне қатысады. Ильяның қарсыласы IBO нұсқасы бойынша жартылай ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы ресейлік Игорь Михалкин (25-3, 11 КО).

Жартылай ауыр салмақтағы кездесу сегіз раундқа жоспарланған.

Илья Очкин кейінгі жекпе-жегін Ресейде 10 маусым күні өткізді. Онда ол грузиндік боксшы Пеле Садояниді (9-4-2, 4 КО) мерзімінен бұрын жеңді. Павлодар облысының тумасы үшін бұл 2024 жылғы екінші жекпе-жегі болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;