русский язык
Әлем футболы

Жозе Моуриньо Еуропа чемпионатында өзін таңғалдырған құраманы атады

Жозе Моуриньо Еуропа чемпионатында өзін таңғалдырған құраманы атады

Түркиялық «Фенербахче» командасының бас бапкері Жозе Моуриньо Еуро-2024 турнирінде өзін ең таң қалдырған құраманы атады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Еуропа чемпионатын интеллектуалды және кәсіби түрде көрдім. Түркияның әр жеңісі маған проблема болды, ал Португалияның әр жеңісі қуаныш сыйлады. Португалия құрамасының потенциалы өте жоғары болды. Әу баста турнир фавориті Португалия, Франция және Англия болатынын айтқан едім, бұл болжамым аса қате болған жоқ. Ал Испания құрамасы мен үшін ең үлкен тосынсый болды», - деп келтіреді Моуриньоның сөзін Record басылымы.

Айта кетейік, Испания құрамасы турнирдің жартылай финалында Франциямен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;