русский язык
Әлем футболы

Давид Де Хеа Сауд Арабиясы клубымен келіссөз жүргізіп жатыр

Давид Де Хеа Сауд Арабиясы клубымен келіссөз жүргізіп жатыр

«Манчестер Юнайтедтің» бұрынғы қақпашысы Давид Де Хеа карьерасын Сауд Арабиясында жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Журналист Руди Галетидің ақпараты бойынша, «Әл-Шабаб» және тағы бір саудиялық клуб 33 жастағы испаниялық голкипермен келіссөз жүргізіп жатыр.

Де Хеа 2023 жылдың жазында «Манчестер Юнайтедпен» келісімшарты аяқталғаннан бері еркін агент. Қақпашы «қызыл сойқандар» сапында 2011 жылдан бері ойнап келді. Бұған дейін ол мадридтік «Атлетикода» өнер көрсеткен.

Transfermarkt порталы Де Хеаны 5 миллион еуроға бағалап отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;