русский язык
Әлем футболы

Еуро-2024 жартылай финалындағы Испания - Франция матчының тікелей трансляциясы

Еуро-2024 жартылай финалындағы Испания - Франция матчының тікелей трансляциясы

Еуро-2024 1/2 финалы аясында Мюнхендегі «Альянц Арена» стадионында Испания мен Франция құрамалары кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Испания құрамасы турнирде Хорватия (3:0), Италия (1:0) және Албания (1:0) жеңіп, топтық кезеңнен 100 пайыздық нәтижемен өтті. Плей-офф кезеңінде Луис де ла Фуэнте шәкірттері Грузияны (4:1), Германияны (2:1) жеңді.

Франция құрамасы Австрияны (1:0) жеңіп, Нидерланд (0:0) және Польша (1:1) құрамаларымен тең ойнап, D тобында екінші орын алды. 1/8 финалда француздар Бельгияны (1:0) жеңді, кейін пенальти сериясында Португалиядан (0:0, 5:3 пен.) басым түсті.

Естеріңізге сала кетейік, ойын 10 шілдеге қараған түні өтеді. Матч Қазақстан уақытымен сағат 00:00-де басталады. Кездесудің тікелей трансляциясын QazSport және Qazaqstan телеарналарынан көруге болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;