русский язык

«Елімай» сапына доминикандық футболшы қосылды

«Елімай» сапына доминикандық футболшы қосылды

Доминикандық футболшы Эдарлин Рейес Уренья «Елімай» футбол клубының ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Футболшы кәсіпқой футболдағы алғашқы қадамын 2017 жылы АҚШ-тың USL-2 Лигасында «Еуро Нью-Йорк» клубында жасады.

Жартылай қорғаушы доминикандық «Сибао», боливиялық «Реал Санта Круз» пен «Олвейс Реди» және Біріккен Араб Әмірлігінің «Эмирейтс» клубтарында өнер көрсеткен. Сонымен қатар, Эдарлин 2018 жылдан бері Доминикан ұлттық құрамасының тұрақты ойыншысы. Ол ұлттық құрама сапында Либертадорес кубогында гол салған алғашқы доминикандық ойыншы болып тарихқа енген.

26 жастағы футболшы «Елімайға» ливиялық «Әл-Иттихад» клубынан еркін агент ретінде ауысты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;