Уимблдон-2024: Қазақстанның екінші ракеткасы турнирмен қоштасты
![Уимблдон-2024: Қазақстанның екінші ракеткасы турнирмен қоштасты](https://prosports.kz/upload/news/content//202407/472_f9c2d14b3c07ee2e6858e78b4c200d58.png?v=28686625)
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Уимблдонда жекелей сында өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Путинцева Уимблдонның төртінші айналымында Латвия өкілі Елена Остапенкодан екі сетте жеңілді - 2:6, 3:6.
Матч 1 сағат 8 минутқа созылды.
Уимблдон-2024 әйелдер арасындағы жекелей сын 1-13 шілде аралығында өтіп жатыр. Турнирдің қазіргі чемпионы чехиялық Маркета Вондроусова.