Қазақстандық дзюдошылар Азия кубогында 6 алтын еншіледі
![Қазақстандық дзюдошылар Азия кубогында 6 алтын еншіледі](https://prosports.kz/upload/news/content//202407/472_775e87046e10b9d97520b34ef191c890.jpg?v=28686445)
Алматыда Бекет Махмұтовты еске алуға арналған дзюдодан Азия кубогы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, аталған турнирде 9 команданың өкілдері сынға түсті. Жалпы есебі 355 спортшы Алматы татамиінде өзара мықтыны анықтады.
Қазақстан командасы бұл жарыста 6 алтын, 7 күміс және 14 қола медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте 2-орыннан көрінді.
Бірінші орынға Өзбекстан құрамасы ие болды. Олар 6 алтын, 7 күміс және 16 қола иеленді. Үздік үштікті Моңғолия түйіндеді.