«Матчты былай аяқтағым келмеген». Рыбакина — қарсыласының жарақаты туралы
![«Матчты былай аяқтағым келмеген». Рыбакина — қарсыласының жарақаты туралы](https://prosports.kz/upload/news/content//202407/472_684922c28478f223c4577c3a7a59c772.webp?v=28686740)
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Уимблдон 1/8 финалында әлемнің 18-ракеткасы ресейлік Анна Калинскаяны жеңгеніне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Әрине, матчты былай аяқтағым келмеген. Анна - ғажайып ойыншы. Оның жарақаты барын білемін. Білегі ауырса, әрине, ойнау қиын. Тез сауығып кетуін тілеймін», — деді Рыбакина корттағы сұхбатында.
Еске салайық, Рыбакина бірінші сетте 1:3 есебімен жеңіліп жатып, қатарынан бес гейм жеңіп алған еді. Бірінші патрияда ресейлік теннисші медициналық тайм-аут алған. Ал екінші сетте есеп 0:3 болып тұрғанда Калинская матчты жалғастырудан бас тартты.