русский язык
Теннис

Уимблдон-2024: Елена Рыбакина ширек финалға шықты

Уимблдон-2024: Елена Рыбакина ширек финалға шықты

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 2024 жылғы British Open (Уимблдон) турнирінде 1/8 финалдық кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық теннисші турнирдің 1/8 финалы кезеңінде ресейлік спортшы Анна Калинскаяға қарсы ойнады.

Екінші сетте 3:6, 0:3 есебімен Калинская ойыннан шығып қалды. Бұған дейін ресейлік теннисші білегінің ауырсынуына шағымданып, медициналық тайм-аутқа шыққан.

Осылайша, Рыбакина келесі кезеңге автоматты түрде жолдама алды.

Уимблдонның ширек финалында қазақстандық Элина Свитолина (Украина) - Синьюй Ванг (Қытай) жұбының жеңімпазымен ойнайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;