Қазақстандық теннисші Сербияда өткен ITF турнирінде жеңіске жетті
![Қазақстандық теннисші Сербияда өткен ITF турнирінде жеңіске жетті](https://prosports.kz/upload/news/content//202407/201736_3fc7850ac102bcbb0346cd5ea038c464.webp?v=1720431301785?v=28686875)
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева (472 WTA) Куршумлия-Бандағы (Сербия) ITF W15 турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Финалда қазақстандық швед теннисшісі Лиза Цаарды (700-орын) 2:6, 6:4, 6:2 есебімен жеңді.
Осылайша, Жібек мансабындағы бесінші ITF жүлдесін жеңіп алды.