русский язык
Теннис

Қазақстандық теннисші Франциядағы турнирдің финалында жеңіліп қалды

Қазақстандық теннисші Франциядағы турнирдің финалында жеңіліп қалды

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Тройеде (Франция) өткен турнирде жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Финалдық кездесуде қазақстандық теннисші франциялық Габриэль Дебрадан 3:6, 7:6, 5:7 есебімен жеңіліп қалды.

Кездесу 3 сағат 25 минутқа созылды.

Айта кетейік, 23 жастағы қазақстандық қазір ATP (Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы) әлемдік рейтингінде 230-орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;