русский язык
Басқа

32 жастағы қазақстандық жеңіл атлет төртінші рет Олимпиадаға қатысады

32 жастағы қазақстандық жеңіл атлет төртінші рет Олимпиадаға қатысады

Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының Instagram желісіндегі парақшасында Париж Олимпиадасына жолдама алған спортшылардың тізімі жарияланды. Оның ішінде төртінші мәрте Олимпиада ойындарында бақ сынағалы отырған Ольга Сафронова да бар, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ольга Сафронова осыған дейін Лондон (2012), Рио (2016) және Токио (2020) Олимпиадаларында сынға түскен. Бірақ ешқайсында жүлде иелене алмады. 32 жастағы спортшы енді Парижде өтетін бәсекеде 200 метрге жүгіруден ел намысын қорғамақ.

- Мен үшін ерекше сәтті мақтанышпен және қуанышпен жариялағым келеді. Мен төртінші рет Олимпиадаға қатысамын. Бұл мен үшін жаңа сынақ қана емес, сонымен қатар спорттық жетістіктер мен шабытқа апаратын жолымды жалғастырудың бірегей мүмкіндігі. Бұл Олимпиадаға апаратын жол ұзақ болды және оңай болған жоқ. Жаттығулар, жарыстар, жеңістер мен жеңілістер мені күшті және табанды етті. Жолдағы барлық кедергіні жеңе отырып, мен арманыма қадам баса бердім", - деп Ольга Сафронова Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;