Тимофей Скатов Франциядағы жарыстың финалына шықты
![Тимофей Скатов Франциядағы жарыстың финалына шықты](https://prosports.kz/upload/news/content//202407/201131_83a2e3882a660e14e4529157d92746be.jpg?v=28687214)
Қазақстандық теннисші, 230-ракеткасы Тимофей Скатов Труа (Франция) челленджер турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші соңғы бәсекеге дейін жетті. Тимофей Скатов жартылай финалда әлемнің 343-ракеткасы, италиялық Лоренцо Джустиномен бақ сынасты.
Екі сағатқа созылған тартысты матчта қазақстандық спортшы қарсыласын 7:6 (7:5), 6:4 есебімен тізе бүктірді. Ол 2 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың алтауын өз есебіне жазды. Джустино 4 эйс, 5 брейкпен (7 брейк-пойнт) көзге түсті.
Тимофей Скатовтың финалда франциялық Габриэль Дебрюмен ойнайды.