русский язык
Теннис

Астанада немесе АҚШ-та жаттығамын – Юлия Путинцева

Астанада немесе АҚШ-та жаттығамын – Юлия Путинцева

Қазақстандық Юлия Путинцева Уимблдонда әлемнің 1-ракеткасы, «Үлкен дулыға» турнирлерінің бес дүркін чемпионы, Польша өкілі Ига Швентекті жеңгеннен кейін өз ойларымен бөлісті.

Алғаш рет Уимблдон турнирінің төртінші айналымына жолдама алған Ю.Путинцева И.Швентекпен бәсекеде қорықпай, сәтті ойнауға тырысқанын, соның нәтижесінде жеңіске жеткенін атап өтті.

«Жарыстарға жиі қатысамын, сондықтан менде жаттығатын көп уақыт болмайды. Бірақ бос уақытым болғанда, Астанада немесе АҚШ-та жаттығамын. Маусым алдында, Аустралия турнирлері басталар кезде Қазақстан командасы АҚШ-та не Дубайда дайындық жиынын ұйымдастырады. Мен соның бәріне Қазақстан командасымен бірге барамын. Олар бізге барынша жағдайды жасап, үлкен қолдау көрсетеді. Қазіргі кезде Астанада корттар салуда. Бұл өте жақсы бастама. Бізде мықты база бар. Мен сол жерге жаттығуға барып тұрамын», - деді Ю.Путинцева.

Мұның алдында Бирмингем додасында үздік шыққан Юлия Путинцева жеңіс сериясын 8 матчқа жеткізді.

Қазіргі кезде WTA Live рейтингісінде 35-тен 28-орынға көтеріліп, өзінің үздік көрсеткішіне (27) жақын тұрған қазақстандық теннисші үшін әлемнің 14-ракеткасы, 2017 жылғы Ролан Гаррос турнирінің чемпионы, латвиялық Елена Остапенкомен кездесудің қиын болары анық.

Уимблдонда бұрын чемпион атанғандардан қазақстандық Елена Рыбакина ғана қалды. Дегенмен төртінші айналымда әлемнің 18-ракеткасы, қазір бабында жүрген ресейлік Анна Калинскаямен бәсеке де оған оңайға түспейді.

Қазақстандық қос теннисші дүйсенбі күні кортқа шығады. Егер алдағы екі ойынын сәтті өткізсе, жартылай финалда өзара кездеседі

Түпнұсқасы: Inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;