русский язык
Әлем футболы

Нидерланды – ЕУРО-2024 жартылай финалисі

Нидерланды – ЕУРО-2024 жартылай финалисі

Германияда өтіп жатқан футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының 1/4 финалы аясында Нидерланды мен Түркия кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Есепті алғашқы таймда Түркия құрамасының ойыншысы Акайдын ашқан. Десе де екінші таймда Нидерланды ойыншысы Де Врей таразы басын теңестірді. Ал 76-минутта Мюлдюр өз қақпасына соғып алып, Нидерландыға жеңіс сыйлады.

Осылайша, 2:1 есебімен жеңген Нидерланды жартылай финалдың жолдамасына ие болды.

Айта кетейік, 2024 жылғы Еуропа чемпионаты Германияда 14 маусым мен 14 шілде аралығында өтіп жатыр, құрлық біріншілігінің матчтары Германияның 10 қаласындағы 10 стадионда өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;