русский язык
Единоборства

Champ de Mars Arena: Қазақстандық дзюдошылар қайда және қашан сынға түседі

Champ de Mars Arena: Қазақстандық дзюдошылар қайда және қашан сынға түседі

2024 жылғы Париж Олимпиадасына сегіз қазақстандық дзюдошы жолдама алды. Олардың барлығы да жазғы ойындардың алғашқы аптасында сынға түседі. Olympic.kz аталған спорт түріндегі жарыс кестесін назарларыңызға ұсынады.

Біздің команданың басты қаһармандарының бірі- Елдос Сметов. Ол өзінің үшінші Олимпиадасына қатысады. Бұған дейін ол күміс (2016) және қола (2020) медаль иеленген болатын.

Дзюдодан олимпидалық жарыс Париждегі Champ de Mars Arena-да өтеді. Бұл нысан «Уақытша сарай» атауын да алған. Спорттық нысан Марс алаңында орналасқан.

Бұл спорттық нысан көптеген спорт түрлерінен бәсекелерді қабылдайды. Оның ішінде дзюдо спорты да бар. Сондай-ақ, 2024 жылғы Паралимпиада ойындары да осында өтеді.

Champ de Mars Arena нысаны архитектор Жан-Мишель Вильмотт жобалауымен салынған. 2021 жылы ашылған нысан Әскери мектеппен көрші орналасқан. Аталған спорт ғимараты 2024 жылғы Олимпиада ойындарының экологиялық құрылысты қолдау туралы талаптарына толық сай келеді.

Дзюдошылар бәсекесі өтетін арена Олимпиадалық ауылдан 11 шақырымда. Спорт жанкүйерлері мен туристер аталған нысанға бару арқылы Эйфель мұнарасына, Марс алаңы мен Әскери мектепке, Мүгедектер үйіне, Гран-Пале және Трокадероға оңай соға алады.

Дзюдошылар додасы 27 шілдеде басталады. Сол күні Қазақстан командасының екі өкілі татамиге шықпақ. Екеуі де жүлдеге таласатын деңгейде.

Париж Олимпиадасында Қазақстан намысын төмендегі дзюдошылар қорғайды:

Елдос Сметов (60 келі), Ғұсман Қырғызбаев (66 келі), Данияр Шамшаев (73 келі), Абылайхан Жұбаназар (81 келі), Нұрлыхан Шархан (100 келі), Абиба Әбужақынова (48 келі), Есмигүл Куюлова (63 келі), Камила Берліқаш (+78 келі).

Назарларыңызға дзюдошылардың жарыс кестесін ұсынамыз:

27 шілде (әйелдер – 48 келі, ерлер – 60 келі)

13.00 (іріктеу кезеңі, Астана уақыты көрсетілген)

20.18 (финалдық блок)

28 шілде (ерлер – 66 келі)

13.00 (іріктеу кезеңі)

20.18 (финалдық блок)

29 шілде (ерлер – 73 келі)

13.00 (іріктеу кезеңі)

20.18 (финалдық блок)

30 шілде (ерлер – 81 келі, әйелдер – 63 келі)

13.00 (іріктеу кезеңі)

20.18 (финалдық блок)

1 тамыз (ерлер- 100 келі)

13.00 (іріктеу кезеңі)

20.18 (финалдық блок)

2 тамыз (әйелдер +78 келі)

13.00 (іріктеу кезеңі)

20.18 (финалдық блок)

3 тамыз (аралас командалық жарыс)

11.00 (іріктеу кезеңі)

19.00 (финалдық блок)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;