русский язык
Теннис

Тимофей Скатов Франциядағы жарыстың финалында ойнайды

Тимофей Скатов Франциядағы жарыстың финалында ойнайды

Қазақстандық, әлемнің 230-ракеткасы Тимофей Скатов Труа (Франция) челленджер турнирінің финалына жолдама алды.

Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші соңғы бәсекеге дейін жетті. Т.Скатов жартылай финалда әлемнің 343-ракеткасы, италиялық Лоренцо Джустиномен бақ сынасты.

Екі сағатқа созылған тартысты матчта қазақстандық спортшы қарсыласын 7:6 (7:5), 6:4 есебімен тізе бүктірді. Ол 2 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың алтауын өз есебіне жазды. Джустино 4 эйс, 5 брейкпен (7 брейк-пойнт) көзге түсті.

Тимофей Скатовтың финалдағы қарсыласы кейін анықталады.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;