русский язык

Беларусь чемпионы «Қайрат» сапына қосылды

Беларусь чемпионы «Қайрат» сапына қосылды

«Қайрат» футбол клубы Беларусь құрамасының 27 жастағы жартылай қорғаушысымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Келісімшарт 2025 жылғы маусымның соңына дейін жасалған.

Валерий мансабын 2015 жылы «Минск» ФК-де бастады. Ол сондай-ақ солигорсктік «Шахтёр», тулалық «Арсенал», БАТЭ және мәскеулік «Торпедода» ойнаған. Беларусь чемпионы, елінің күміс және қола жүлдегері. Беларусь Кубогының және Суперкубогының иегері.

Громыко биыл сәуір айынан бастап қызылордалық «Қайсар» сапында өнер көрсетті. Белорус «қасқырлар» сапында 11 матчта 5 гол соғып, қазіргі уақытта Премьер-лиганың 2024 жылғы маусымдағы сұрмергендер тізімінде көш бастап тұр.

Сондай-ақ қазіргі таңда Валерий Громыко Беларусь құрамасының ойыншысы. Ұлттық құрамасы сапында 19 ойын өткізіп, 1 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;