русский язык

«Қайрат» Сербия құрамасы ойыншысын қатарына қосқанын хабарлады

«Қайрат» Сербия құрамасы ойыншысын қатарына қосқанын хабарлады

«Қайрат» футбол клубы сербиялық 24 жастағы жартылай қорғаушымен келісімшартқа отырды. Келісімшарт үш жылға жасалған, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Станоев – «Црвена Звезда» түлегі. 2018 жылдан 2020 жылға дейін ол Сербия Бірінші лигасында «Графичар» клубында жалға ойнады. 2020 жылғы жазда ол Суперлигада ойнайтын Бачка-Топола қаласының ТСЦ клубына көшіп, келесі үш маусымда өнер көрсетті.

2023 жылғы жазда Юг «сары-қаралардың» қазіргі бас бапкері Александр Кержаков басқарған «Спартак» Суботицамен келісімшартқа отырды. Былтыр ол барлық турнирде 32 ойын өткізіп, 1 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.

Бұған дейін Станоев Сербияның 17-19 жас аралығындағы жасөспірімдер құрамасында өнер көрсеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;